Мемлекет басшысы елімізде жемқорлықтың дендеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, бұның қоғамға қауіпті дерт екенін айтты.
– Жыл сайын елімізде орта есеппен 2 мыңнан астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс тіркеледі. Мыңнан аса адам жауапқа тартылады. Бұл – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін, – деді Қазақстан Президенті.
Осыған орай, Достық үйінде өңірдегі этно мәдени өкілдерінің қатысуымен дөңгелек жиын өтті. Шарада, Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретіндігі бастамасы сөз болды. Сондықтан, оның тамырына балта шауып, түбегейлі жою қажет. Бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесіп күресуге шақырды.
Мемлекетте оған қажеттінің бәрі бар екенін атап өтті. Бұл тұрғыда мемлекеттік қызметшілерде өз ісі мен қызметіне адал болып, жұмысын білікті атқару керек. Мәселен, сырттан келген азаматтар белгілі бір мәселеге байланысты пара ұсынған жағдайда моральді тұрғыда өзіне берік болу керек. Бүгінде елімізде осыған байланысты атқарылып жатқан шара көп.
Президент жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірнеше бағытты айқындап берген болатын. Солардың бірі — қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптасуы шарт. Барлық мемлекеттік органдар осы бағытта жұмыс істеуі шарт.