«Жүріп-тұру қиын емес»: жалғыз аяғымен би билеп танымал болған бойжеткен бір аптада өмірінің қалай өзгергенін айтты
Аружан Рашид 18 жаста
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсуге ниеттеніп отырмын. Тіл мамандығына барамын деп шештім. Ағылшын және үнді тілін оқығым келеді. Үнді тілін үйрену арқылы өзім тыңдайтын, билейтін әндердің мағынасын түсініп, сезінсем деймін.
Бір сахнада би билейтін мүмкіндік болса, Драшти Дхами деген үндінің танымал актрисасымен билер едім. Ол кісінің түскен кинолары, образы ұнайды. Кішкентай кезімде көптеген әнші, бишілерге еліктейтінмін. Өсе келе еліктеушілік қалды. Қазір өзімді қалыптастырып жатырмын. Адамға әр түрлі сынақ беріледі. Ерекшелігін әлі күнге дейін қабылдай алмай жүрген жандардың үміті үзілмесе екен деймін. Кез-келген қиындықтың артында бір жақсылық тұрады. Төзім, сабыр мен жақсы күнге деген сенім бәрін жеңеді», — деді Аружан.
Осы видео тарап кеткеннен кейін Ақтау қаласында тұратын «Сәлем, Намасте» үнді этносаяси бірлестігі төрағасының орынбасары Вадодария Хитеш Чандра хабарласып, қолдау білдірді. Ол кісі Алматы қаласындағы танымал бишілердің біріне мені дайындыққа берді. Қазір үнді биін кәсіби түрде үйреніп жүрмін. Үнді әндері мен қимылын қатты жақсы көремін. Бұдан бөлек ән айтамын. Әнге әкемнің өзі дайындайды. Ол кісі өнерге жақын адам. Бос уақытында бірге ән шырқап тұрамыз. Одан бөлек, сурет салғанды жақсы көремін және кітап оқимын», — дейді Аружан.